Полицейлер Астанада мотоциклшінің қатысуымен болған жол апаты туралы айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Полицейлер Астанада мотоциклшінің қатысуымен болған жол апаты туралы айтып берді Кадрдан үзінді

Елордалық полицейлер Астанада "Highvill Astana" тұрғын үй кешенінің жанында болған жол апаты туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Еске салайық, 9 қыркүйекте мотоциклші үлкен жылдамдықта жолдан өтіп бара жатқан қызды қағып кеткен болатын.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елордалық полицейлер Астанада "Highvill Astana" тұрғын үй кешенінің жанында болған жол апаты туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Еске салайық, 9 қыркүйекте мотоциклші үлкен жылдамдықта жолдан өтіп бара жатқан қызды қағып кеткен болатын.

ІІД мәліметінше, оқиға 23.30-де болған. Honda мотоциклінің жүргізушісі 1991 жылы туған. Ол сол кезде Момышұлы көшесімен жүріп келе жатқан. Жүргізуші жолдың рұқсат етілмеген жерінен өтіп бара жатқан қызды қағып кеткен. "Жол-көлік оқиғасының салдарынан 1988 жылы туған қыз бен Honda мотоциклінде отырған жолаушы (1992 жылы туған) әр түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілген. Мотоцикл жүргізушісі дәрігерлердің тексерісінен кейін босатылған", - деді ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.

Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы бойынша қозғалған. Жол апатының қатысушыларымен тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Арнайы сараптамалар тағайындалған. 

Куәгерлердің айтуынша, осы жол апатына Lexus жүргізушісі кінәлі. Ол автобусқа арналған жолмен озып өтпек болып мотоциклді іліп кеткен. Соққыдан мотоцикл жаяу жүргіншіні қаққан. Басқа нұсқалар бойынша, байкерді ешкім қақпаған, жол апаты көліктің оның қатысуынсыз болған.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады
Алматыда қалың қар жауды

Валюта бағамы

 522.24  course up  611.66  course up  6.55  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети