Полицейлер өзара шығып төбелесті: Видеоға қатысты қызметтік тексеріс жүріп жатыр

Дина Муратова
Дина Муратова Редактор

ПОДЕЛИТЬСЯ

Полицейлер өзара шығып төбелесті: Видеоға қатысты қызметтік тексеріс жүріп жатыр © видеодан алынған кадр

ҚР Ішкі істер министрлігі Желіде пайда болған видеоға байланысты қызметтік тексеріс жүргізіп жатыр. Бұл жөнінде Tengrinews.kz тілшісіне ведосмтвоның ресми өкілі Алмас Сәдубаев айтты. Бейнежазбада жол полицейлерінің өзара шеткері шығып төбелесіп жатқаны көрініп тұр.

Әлеуметтік желіде таралған бейнежазбада жол полициясының екі қызметкері төбелескені көрінеді. Дәл сол уақытта олардың маңында әріптестері төбелеске араласпай, қарап тұрған.

Видеода былапыт сөздер бар!

Алмас Садубаев полиция қызметкерінің кез келген қызметтік тәртібін бұзатын кез келген жат қылықтың дұрыс емес екенін баса айтты.

"Бұл жағдайлар біздің абыройымызды өсірмейді. Полицейлер төбелескен видеоға қатысты қызметтік тексеріс жүргізіліп жатыр. Оларға және басшыларына заңда көрсетілген шаралар қолданылады. Тексерудің нәтижесін жариялаймыз", - деді ведосмтвоның ресми өкілі.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети