Алматы - Екатеринбург тасжолында жол апаты болған жерде түсірілген суреттер пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жол көлік оқиғасы13 шілдеде болған.


Алматы - Екатеринбург тасжолының 380-шақырымында SsanYong маркалы автокөлік аударылған

Жол-көлік оқғиасы салдарынан Мойынқұм аудандық полиция бөлімінің екі қызметкері және бір Өзбекстан Республикасының азаматы қаза тапқан. Жол-көлік оқиғасы көші-қон заңнамасын бұзғандарды жеткізу кезінде болған.

Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі ("Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы") бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.