17 қыркүйек 2015 18:30

Полицей төрт бала мен олардың анасын өртеніп жатқан үйден құтқарып алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Данияр Аманжол. © Көкшетау ІІБ баспасөз қызметі Данияр Аманжол. © Көкшетау ІІБ баспасөз қызметі

Көкшетау ІІБ уақытша ұстау изоляторының полицейі, полицияның кіші сержанты Данияр Аманжол төрт бала мен олардың анасын өртеніп жатқан үйден құтқарды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі қалалық ІІБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Көкшетау ІІБ уақытша ұстау изоляторының полицейі, полицияның кіші сержанты Данияр Аманжол төрт бала мен олардың анасын өртеніп жатқан үйден құтқарды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі қалалық ІІБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

10 қыркүйекте полицияның кіші сержанты Данияр Аманжол жұмыстан кейін үйіне қайтып келген, үйінде киімін ауыстырып, көлігімен сыртқа шыққан. Жол бойында Уәлиханов пен Жеңіс көшелерінің қиылысындағы дүкеннің маңынан өтіп бара жатқан ол бір жеке үйдің өртеніп жатқанын байқайды.

"Үйге жақындап келіп тоқтаған полицияның кіші сержанты Данияр Аманжол отқа оранған үйдің терезесін біреудің қағып тұрғанын көрген. Данияр еш саспастан терезені шағып, өртеніп жатқан бөлменің ішіне түсті, сөйтіп балаларды кезек-кезек көтеріп алып шықты. Осыдан кейін ол көмекке келген жігіттерге балаларды тапсырды", - дейді баспасөз қызметіндегілер.

Өртеніп жатқан үйдің ішінде төртінші баласын іздеген әйел қалып қойды. "Данияр оның терезеден шығуына көмектесті, ол кезде әйелдің шашы өртеніп жатқан. Осы кезде балалар мен олардың анасы қатты айғайлап, үйдің ішінде қыз баланың қалып қойғанын айтты, қыз бала үйде ауырып жатқан көрінеді. Данияр Аманжол терезеден үйге кірді, ол кезде от лапылдап, тыныс алу қиын болған. Ол қызды іздей бастады, бірақ табылмады. Далаға шығып, Данияр "101" желісіне хабарласты және ол өрттің болып жатқанын, үйдің ішінде қыздың қалып қойғанын айтты.

Өрт сөндірушілер келіп, ұйықтап қалған қызды тапты, ол ес-түссіз жатыр екен. "Полиция сержанты Данияр Аманжолдың батылдығы мен дұрыс әрекеттерінің арқасында өрттен адам шығыны болған жоқ, ал көмекке келген өзге адамдар мен өртке қарсы қызмет мамандарының арқасында көрші үйлер өрттен аман қалды", - делінген хабарламада.

Қазіргі таңда өрттің неден шыққаны анықталып жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети