22 мамыр 2023 | 16:40

"Полицейді қағып кеткен". Алматылық жүргізушіні ұстау сәті видеоға түсіп қалды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадры

Алматыда жүргізуші полицейді қағып, қашып кетпек болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Алматыда жүргізуші полицейді қағып, қашып кетпек болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Медеу ауданында болған оқиға видеоға түсіп қалып, әлеуметтік желіде тарап кеткен. Кадрларда Toyota Corolla бағдаршамның жасыл түсіне тоқтап, қызыл шам жанғанда асығыс жүре жөнеледі. Одан әрі басқа кадрларда полиция қызметкері осы көліктің есігін ашпақ болады, бірақ жүргізуші жол бойында тұрған тәртіп сақшысын қағып, қашып кетеді.

Видеоның келесі кадрларында 5-6 полицейдің осы көліктің терезесін ұрып жатқанын көруге болады. Алайда олар заңбұзушыны ұстай алмады, өйткені ол қайта қашып кетеді. Әрі қарай тағы бір кадрлардан көліктің бағанаға соғылғаны көрінеді.

Алматы Полиция департаменті Tengrinews.kz тілшісінің сауалына жауап берді, бұл оқиға биыл 21 мамырда таңғы уақытта болған. Жүргізуші мас болғаны белгілі болды.

"Таңертең Toyota жүргізушісі мас күйде Абай даңғылымен батыс бағытта келе жатып, Назарбаев даңғылымен қиылыста жол қозғалысы ережесін бұзған көлікті тоқтатып тұрған полиция қызметкерін қағып кеткен.

Осыдан кейін полицейлердің тоқтату туралы заңды талаптарына бағынбаған жүргізуші ізін жасырмақ болған. Желтоқсан мен Құрманғазы көшелерінің қиылысында жүргізуші бағдаршам бағанасына соғылды", - деді қалалық ПД баспасөз қызметі өкілдері.

Осыдан кейін жарақат алған полицей мен Toyota Corolla жүргізушісі ауруханаға жеткізілді. Бұл деректі Медеу аудандық полиция бөлімі тексеріп жатқаны атап өтілді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети