Полицейлер -39 градуста далада жоғалып кеткен екі ер адамды іздеген

ПОДЕЛИТЬСЯ

Полицейлер -39 градуста далада жоғалып кеткен екі ер адамды іздеген видео кадры

Абай облысында полицейлер қатты аязда адасқан шопандарды жаяу жүріп іздеп тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Абай облысында полицейлер қатты аязда адасқан шопандарды жаяу жүріп іздеп тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

22 ақпанда сағат 01.24-те "103" арнасының операторынан Абай облысының Жарма ауданындағы Шабақ қыстауынан шамамен 4 шақыры қашықтықта екі ер адам көмек сұрағаны туралы өтініш келіп түсті.

Қоңырау шалған адам танысымен кешке қыстақтан Суықбұлақ ауылына шыққан. Жол бойында трактордың жанармайы қатып, екі тұрғын кері қайтайын десе, адасып кеткенін хабарлады. Кейбір жерлерде байланыс үзілген.

"Телефонның қуаты да таусылуға шақ қалған. Далада кезіп жүрген ер адамдар шұғыл қызметтерге мезгіл-мезгіл қоңырау шалып, қатты тоңғандарын хабарлады. Жарма ауданының учаскелік полиция инспекторлары дереу көмекке шақырылды. Іздеу жұмыстары оңай болмаған, өйткені тұрғындар өздерінің координаттарын білмеген. Полиция қызметкерлері Дастан Иманов пен Еркебұлан Самалхан шамамен бағытты түсініп, трактор дөңгелектерінің ізімен шыққан жерден адамдарды іздеуге шығады", - делінген хабарламада.

Нива автокөлігімен даланы аралап жүріп, полицейлердің өздері қар құрсауында қалып, көлікті тастап, іздеуді жалғастыруды ұйғарады. Бұл уақытта ауа температурасы -39-ға дейін жеткен. Полицейлер 2 шақырымнан кейін тракторшыларды тапты.

Ең қиыны қызметтік көлікке қайту жолы болды, аяздан әлсіреген ауыл тұрғындарына көмектесу керек болған.

"Ер адамдар қуаныштың көз жасын жасыра алмады, бізге алғыс айтты. Біз олармен бірге қуандық, адамдарды құтқару үшін бәрін жасағанымызды түсініп, толық тыныштық сезімімен үйге қайттық", – деді Дастан Иманов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети