Елордалық полицейлер Астанада "Highvill Astana" тұрғын үй кешенінің жанында болған жол апаты туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Еске салайық, 9 қыркүйекте мотоциклші үлкен жылдамдықта жолдан өтіп бара жатқан қызды қағып кеткен болатын.

ІІД мәліметінше, оқиға 23.30-де болған. Honda мотоциклінің жүргізушісі 1991 жылы туған. Ол сол кезде Момышұлы көшесімен жүріп келе жатқан. Жүргізуші жолдың рұқсат етілмеген жерінен өтіп бара жатқан қызды қағып кеткен. "Жол-көлік оқиғасының салдарынан 1988 жылы туған қыз бен Honda мотоциклінде отырған жолаушы (1992 жылы туған) әр түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілген. Мотоцикл жүргізушісі дәрігерлердің тексерісінен кейін босатылған", - деді ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.
Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы бойынша қозғалған. Жол апатының қатысушыларымен тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Арнайы сараптамалар тағайындалған.
Куәгерлердің айтуынша, осы жол апатына Lexus жүргізушісі кінәлі. Ол автобусқа арналған жолмен озып өтпек болып мотоциклді іліп кеткен. Соққыдан мотоцикл жаяу жүргіншіні қаққан. Басқа нұсқалар бойынша, байкерді ешкім қақпаған, жол апаты көліктің оның қатысуынсыз болған.