13 қараша 2022 | 09:39

Полицейлер есірткі сатты деп айыпталды: ІІМ пікір білдірді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

ІІМ полиция қызметкерлері синтетикалық есірткі сатты деп айыпталған видеоға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Polisia.kz Telegram-арнасы.


Иконка комментария блок соц сети

ІІМ полиция қызметкерлері синтетикалық есірткі сатты деп айыпталған видеоға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Polisia.kz Telegram-арнасы.

ІІМ мәліметінше, Ақсу қаласының 26 жастағы тұрғынының өтініші бойынша Павлодар облысының Полиция департаменті Қазақстан Республикасы "бопсалау" бойынша соталды тергеу жүргізіп жатыр.

Бұған дейін Желіде жәбірленушінің полиция қызметкерлерін, өзімен бірге есірткі құралдарын сатты деп айыптаған видеосы тараған болатын.

"11.11.2022 жылы жәбірленуші өзі полицияға келіп, бұрынғы таныстарының бұдан ақша бопсалап, оған тиесілі автокөлікті алып қойғанын және оны бопсалау мақсатында полиция қызметкерлеріне қатысты бейне жазуға мәжбүр еткені туралы арызбен жүгінді. Ол таныстарының талабын орындаудан бас тартқан кезде, олар видеоны жариялап жіберген", - дейді Павлодар облысы Полиция департаменті Тергеу басқармасының бастығы Берік Оралов.

Осы қылмысты жасады деген күдікпен Ақсу қаласының жұмыссыз тұрғындары (1989, 1994, 1995 жылы туған) анықталып, ұсталған. Олар Павлодар қаласының УҰИ-ға қамауға алынған. Нәтиже бойынша әрбір қатысушының іс-әрекетіне құқықтық баға беріледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети