Шымкент полицейлері із-түссіз жоғалып кеткен студент қызды тапты, - деп хабарлайды "Отырар" басылымы ОҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Шымкент полицейлері із-түссіз жоғалып кеткен студент қызды тапты, - деп хабарлайды "Отырар" басылымы ОҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
2017 жылдың 26 мамырында Шымкент қалалық ІІБ әл-Фараби аудандық полиция бөлімшесіне жергілікті тұрғын 23 мамырда үйден кетіп, сол күйі оралмаған 19 жастағы қызы Дана Мырзабектің жоғалып кеткенін хабарлады. Қызды іздестіру жұмыстарына әл-Фараби аудандық ІІБ мен ОҚО ІІД криминалдық полициясының жеке құрамы толықтай жұмылған.
Іздестіру жұмыстарының нәтижесінде бір айдан соң полицейлер Дана Мырзабекті тауып, ата-анасына қайтарды. Қыздың үйден отбасындағы жағдайларға байланысты кетіп қалғаны белгілі болды.