Полицейлерді тыңдамаған: Ақтөбе-Орск тасжолында жантүршігерлік жол апаты болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Полицейлерді тыңдамаған: Ақтөбе-Орск тасжолында жантүршігерлік жол апаты болды Фото: Ақтөбе облысы ПД

Жүргізуші полицейлердің ескертуіне құлақ аспай, Ақтөбе облысында ірі жол апатына ұшырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жүргізуші полицейлердің ескертуіне құлақ аспай, Ақтөбе облысында ірі жол апатына ұшырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

5 маусымда Ақтөбе-Орск тасжолында Қарғалы ауданы, Ащылысай ауылы маңында жол апаты болды. Toyota Alphard көлігі аударылып қалған. Апат салдарынан төрт адам қаза тауып, біреуі ауруханаға жеткізілді.

Фото: Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметі

"Көлік жүргізушісі Ақтөбеден Орск қаласына (Ресей) ресми түрде жолаушылар тасымалдаумен айналысқан. Жол-көлік оқиғасынан бірнеше сағат бұрын полицейлер жүргізушімен жол-көлік оқиғасының алдын алу жөнінде сөйлескен, бірақ соған қарамастан жүргізуші полицейлердің кеңесін елемей, адам өліміне әкелетін жол апатына ұшыраған", - деп хабарлады Ақтөбе облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Жол-көлік оқиғасы бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети