Полицейлерден қашқан ассенизатор жүргізушісі арыққа түсіп кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Полицейлерден қашқан ассенизатор жүргізушісі арыққа түсіп кетті Сурет: polisia.kz

Қызылордалық полицейлер мас күйде көлік жүргізген ассенизатор жүргізушісін ұстады, - деп хабарлайды Polisia.kz.​

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қызылордалық полицейлер мас күйде көлік жүргізген ассенизатор жүргізушісін ұстады, - деп хабарлайды Polisia.kz.​

30 мамырда республикалық маңызы бар "Самара - Шымкент" тасжолының 1907 - 1957 шақырымы аралығында сағат 07:00 шамасында ГАЗ 53 маркалы автокөлігі (ассенизатор көлігі) жолдың қарсы бетіне шығып, полиция қызметкерлерінің тоқтату заңды талабына бағынбады. Полицейлерден қашқан көлік жүргізушісі жолдың жүріс бөлігінен шығып кетіп, жол жиегіндегі арыққа түсіп, тоқтады.

Полиция қызметкерлері дереу көліктің артынан жүріп, жүргізушінің мас күйде екенін байқады. Ішімдік ішіп, көлік айдаған жүргізушіні полицейлер сараптамадан өткізу үшін Шиелі аудандық аурухананың наркология бөліміне апарды.

Сараптама қорытындысына сәйкес, көлік жүргізушісі орта дәрежелі мас күйде болғаны анықталды.

Сол жерде полицейлер 26 жастағы көлік жүргізушісі Қарауылтөбе ауылының тұрғынына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігімен (жүргізушінің көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқарғаны үшін) және 596-бабының 1-бөлігімен (көлік құралының жолдың жүріс бөлігіне қарама - қарсы бағытта шығуы) әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Ассенизатор көлігі айып тұрағына қойылды. Жинақталған құжаттар тисті шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 509.21  course up  592.35  course up  6.64  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети