03 желтоқсан 2015 | 11:29

Полицейлерден қашқан көкшетаулық азамат қолын сындырып алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© medikmy.ru © medikmy.ru

Көкшетауда ІІД қызметкерлерінен жасырынбақшы болған ер адам қолын сындырып алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Көкшетауда ІІД қызметкерлерінен жасырынбақшы болған ер адам қолын сындырып алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметі мамандарының айтуынша, оқиға кеше, 2 желтоқсанда орталық базар маңында болған. ІІД қызметкерлерін оқиға куәгерлері шақырыпты, ішімдікке сылқия тойып алған ер адам өткен-кеткендерге маза бермеген. Кейбір куәгерлердің мәлімдеуінші, ол киімдерді жан-жаққа лақтырып, шалбарын шешуге тырысқан.

"Ол сырт киімдерін лақтырып, үстінде трико мен футболкасы ғана қалды. Ол мас күйде болатын, ал алдын ала мәлімет бойынша жүйке жүйесінде ауытқушылық болған. Ер адам 1984 жылғы", - деді баспасөз қызметіндегілер.

ІІД қызметкерлері оқиға орнына жеткенде оның қашуға бел буғаны анықталды. "Ол қоғамдық тәртіпті бұзды, бірақ көнбей, қашуға тырысты. Алайда ол құлап, қолын сындырды және куәгерлер бар. Қазіргі таңда ер адам Ақмола облыстық ауруханасында жатыр. Шыға салысымен оған әкімшілік шара қолданылатын болады", - деп түсіндірді ведомстводағылар. 

Көкшетау жедел жәрдем станциясының қызметкерлері Tengrinews.kz тілшісіне олардың бригадасы орталық базар аумағына қолы зақымданған ер адамға көмек көрсету үшін шақыртылғанын айтты. Бірақ барлық сұраққа жауап беруден бас тартты, осыдан кейін ер адамды ауруханаға алып кетті.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети