Желіде Алматы қаласында болған тойдағы төбелестің видеосы жария болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Желіде Алматы қаласында болған тойдағы төбелестің видеосы жария болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ролик 2015 жылдың 29 қарашасында YouTube порталында жария болды. Видео сипаттамасында оқиғаның Алматыдағы Тұңғыш Президент саябағының автотұрағында болғаны айтылады. Видеода адамдардың көптеп жиналғаны көрінеді. Олардың кейбірі төбелесіп жатады. Оқиғаның мән-жайы әзірше белгісіз.
Ал Tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық ІІД-не хабарласты. "Бостандық аудандық ІІБ өкілдері оқиға болған территорияда жұмыс істеп жатыр. Олар өндірісті бастады", - деп хабарлады қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.