Полиция Алматыда "қыз ұрлау" сәті түсірілген видеоға байланысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Полиция Алматыда "қыз ұрлау" сәті түсірілген видеоға байланысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Медеу аудандық ІІАБ, ІІБ және жедел басқару орталығына сигнал түскен жоқ. Біздің Ұйымдасқан қылмыстық топпен күрес басқармасы кеше осы іс бойынша тексеру жұмыстарын бастап кетті. Адам ұрлау дерегі расталмады. Медеу ауданының 44 жастағы тұрғыны өз туыстарымен жанжалдасып қалған. Отбасылық ұрыс-керіс болған", - деді Алматы қалалық ІІД-нің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
Айта кетейік, 28 ақпанда әлеуметтік желіде ер адамның қызды көлікке күштеп салып жатқан видеосы пайда болған. Қыз қарсылық білдіріп "апа" деп айғайлайды. Осы кезде көлік маңында бірнеше ер адамдар мен әйелдер және бір қарт әжей де болды. Салтанат Әзірбектің мәліметінше, басты рөлдегі қаһарман - 1973 жылғы, орамалдағы әже - 44 жастағы әйелдің анасы. Оны күштеп көлікке мінгізгісі келгендер әйелдің ағалары болып шыққан. "Олардың бір-біріне шағымы жоқ", - деді Әзірбек.