13 ақпан 2024 09:27

Полиция Алматыдағы дүкенде болған атыстың видеосына қатысты пікір білдірді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры видео кадры

Желіде Алматыдағы азық-түлік дүкенінде болған атыстың видеосы тарады. Полицейлер оқиғаға қатысты пікір берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Желіде Алматыдағы азық-түлік дүкенінде болған атыстың видеосы тарады. Полицейлер оқиғаға қатысты пікір берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кадрларда ер адамның қаладағы дүкендердің бірінде қалай оқ атқаны көрсетілген. Тағы үш адам одан сабыр етуді сұрайды, бірақ нәтиже болмайды.

Полиция мәліметінше, оқиға былтыр желтоқсанда болған.

"Алматы Полиция департаменті алғашқы тергеу іс-шараларының деректерін ескере отырып, бұзақылық дерегі бойынша қозғалған қылмыстық істі келесі күні ПД тергеу басқармасы кісі өлтіруге оқталу бабына қайта саралағанын хабарлайды. Күдікті ұсталып, қамауға алынды", - деп хабарлады Алматы ПД.

Сондай-ақ, полицейлер тергеудің барысы департамент басшылығының бақылауында екенін айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети