Полиция астаналықтарға үндеу жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Полиция астаналықтарға үндеу жасады Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Елордалық полицейлер жүргізушілерден жолда сақ болуды сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елордалық полицейлер жүргізушілерден жолда сақ болуды сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астана Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, 1 желтоқсанда таңертеңнен бері қалада 50 жол-көлік оқиғасы болған.

"Ауа райының қолайсыздығына және жауын-шашынға байланысты жүргізушілерден аса сақ болуды, белгіленген жылдамдықты қатаң сақтауды, көлікті күрт тежемеуді және қашықтықты сақтауды сұраймыз", - делінген хабарламада.

Жүргізушілер ғана емес, жаяу жүргіншілер де ерекше сақтық танытып, жолды тек белгіленген орындардан кесіп өтуі керек екені айтылды. Жол қозғалысы ережелерін елемеу қайғылы салдарға әкелуі мүмкін.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети