Полиция Жамбыл облысындағы "тәртіпсіздікке" қатысты түсінік берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Полиция Жамбыл облысындағы "тәртіпсіздікке" қатысты түсінік берді

Жамбыл облысының полиция департаменті Қасқабұлақ ауылында болған "тәртіпсіздікке" қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жамбыл облысының полиция департаменті Қасқабұлақ ауылында болған "тәртіпсіздікке" қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мессенджерлерде осы ауылда тәртіпсіздік болды деген хабар тараған. Оны таратқандардың пікірінше "мұндағы жағдай әлі тұрақсыз".

"Атыс болып жатыр! Тас лақтырып жатыр. Жергілікті тұрғындар мектепте тығылып отыр", - делінген хабарламада.

Жамбыл облысының полиция департаменті бұл жағдайға қатысты пікір білдірді.

"11 тамызда сағат 01.30-да Талас ауданының полиция басқармасына Жамбыл облысы Талас ауданы Қасқабұлақ ауылында бұзақылық әрекеттер болғаны туралы хабар түскен.

Полиция 14 адамды ұстады. Олар BMW 525, Toyota Camry және ВАЗ 2107 көлігінде болған. Күдіктілер Талас ауданының полиция басқармасына жеткізілді. Бұл факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы ("Бұзақылық") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", - делінген облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Тәртіп сақшыларының мәліметінше, қазіргі таңда ауылдағы жағдай тұрақты, заң бұзу деректері тіркелмеген.

"Жамбыл облысының полиция департаменті тұрғындардан шындыққа жанаспайтын ақпаратты таратпауды сұрайды. Полиция жалған ақпарат тарату қылмыстық жауапқа тартуға алып келетінін ескертеді", - делінген хабарламада.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети