Полиция жол бойында "күнге күйіп жатқан" алматылықты іздестіріп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Полиция жол бойында "күнге күйіп жатқан" алматылықты іздестіріп жатыр Видеодан кадр

Алматы полицейлері жаяу жүргіншінің жолында "күнге күйіп жатқан" ер адамды іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы полицейлері жаяу жүргіншінің жолында "күнге күйіп жатқан" ер адамды іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ролик Instagram желісіндегі kris_p_almaty парақшасында жарияланды.

Кадрдан ер адамның жолдың ортасында жатқанын көруге болады. Қасынан адамдар өтіп жатыр. Кей жүргізуші ол тұрғанша сабыр сақтап күтсе, басқасы сигнал басып, айналып өтуге тырысты. Видеоның соңында ол орнынан тұрып, жолдан кетеді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Что это было?

Публикация от @kris_p_almaty +21 | ???? (@kris.p.online)

Желі пайдаланушылары ер адамның қылығын сынап тастады. Кейбірі оны "күнге күйіп" жатыр деп қалжыңдады. 

Полицияның баспасөз қызметіндегілер видеоға қатысты пікір білдірді.

"Біз қайда болғанын және кім екенін табамыз. Оның іс-әрекетіне Қазақстан заңына сәйкес құқық тұрғысынан баға береміз. Бірден айтайын, мұндай қылық жасауға болмайды. Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқармасы бұл іспен айналысады", - деді Алматы ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети