Полиция майоры ер адамды трактормен қағып кетті: ол оқиға орнында қаза болған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Полиция майоры ер адамды трактормен қағып кетті: ол оқиға орнында қаза болған Midjourney

Трактор мінген полицей ер адамды басып өлтірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Уральская неделя" басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Трактор мінген полицей ер адамды басып өлтірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Уральская неделя" басылымына сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданындағы Бұлдырты ауылында болды. Полиция майоры Бақытжан Қазақстанов МТ3-80 тракторын жүргізіп келе жатып, 45 жастағы ер адамды қағып кеткен, ол жедел жәрдем келгенше сол жерде жан тапсырған.

Күдікті кінәсін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазақстановқа қатысты 345-баптың 3-бөлігі (Абайсызда адам өліміне әкеп соққан көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

"Бұл бап белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жауапкершілікті көздейді", - делінген жазбада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети