Тараз полициясы мектеп түлектерінің кортежі түсірілген видеодағы жүргізушілердің біреуін ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Тараз полициясы мектеп түлектерінің кортежі түсірілген видеодағы жүргізушілердің біреуін ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Gelandewagen көлігінің жүргізушісінде өзімен бірге ешқандай да құжаттың болмағаны анықталды. Оның көлік куәлігі де жоқ болып шықты. Ер адамға қатысты 3 әкімшілік хаттама толтырылды: адам тасымалдаудағы ереже бұзушылықтар; ешқандай құжатсыз көлік жүргізгені үшін және жүргізуші куәлігі болмай тұра көлік құралдарын басқарғаны үшін. Жолаушылардың аты-жөні анықталып жатыр. Сондай-ақ, Gelandewagen соңынан бара жатқан автобустың жүргізушісі іздестіріліп жатыр", - деді Жамбыл облыстық ІІД баспасөз қызметі.
Полиция өкілдері айыппұлдың жалпы көлемі шамамен 56 мың теңге болатынын айтып өтті.