Польшада жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен қазақстандық әйел өлі табылды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Польшада жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен қазақстандық әйел өлі табылды Фото: КТК кадры

Польшада жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен Екатерина Шилова өлі табылды. Алдын ала ақпарат бойынша, әйел өлтірілген. Бұл туралы марқұмның туысы хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Польшада жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен Екатерина Шилова өлі табылды. Алдын ала ақпарат бойынша, әйел өлтірілген. Бұл туралы марқұмның туысы хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Екатеринаның туысының айтуынша, кісі өлтірді деген күдікпен бір адам ұсталған. Тергеу мүддесіне байланысты басқа мәлімет жарияланбайды.

Қазір отбасы жерлеу рәсімі үшін қаражат жинап жатыр. Туысының сөзінше, оған қомақты қаражат қажет.

Еске салайық, шетелде жұмыс істеген 43 жастағы қазақстандық Екатерина ақпанның аяғында туыстарымен байланысқа шығуды тоқтатқан. Жоғалған күні ол Варшавадан Астанаға ұшуы тиіс болған, алайда ұшаққа отырмаған. Ол әпкесіне ұшудан бас тартқанын және Германияда жақсы жұмыс тапқанын жазған. Бұл хабарлама туыстарын алаңдатқан. Осыдан кейін Екатеринамен байланыс үзілген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 491.31  course up  567.34  course up  6.2  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети