"Пойызда жағдайы нашарлаған". Полицей босанғалы жатқан әйелге көмектесті

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Пойызда жағдайы нашарлаған". Полицей босанғалы жатқан әйелге көмектесті Видеодан алынған кадр

Батыс Қазақстан облысында көлік полициясының қызметкері босанғалы жатқан әйелге көмектесіп, ауруханаға жеткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Батыс Қазақстан облысында көлік полициясының қызметкері босанғалы жатқан әйелге көмектесіп, ауруханаға жеткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға 6 ақпанда Қазақстан (Ақсай) станциясынан 3-4 шақырым жерде болған. 38 жастағы әйел жұбайымен бірге Ақтөбеге "Орал-Алматы" бағытындағы жолаушылар пойызымен бара жатқан. Пойыз Қазақстан станциясынан өтіп бара жатқанда, жүктіліктің 8-айында болған жолаушы кенет ауырып, қан кеткен.

"Пойыз шұғыл тоқтады, машинист-диспетчер рация арқылы жедел жәрдем қажет екенін айтты. Бірінші болып Қазақстан станциясындағы желілік полиция бөлімінің бастығы Мұқатай Аяпов келді. Пойыз далада тұрғандықтан, жедел жәрдем жете алмады. Содан кейін Мұхатай Аяпов дала қар болғасын, оны көлігіне дейін көтеріп апарып, Бөрлі аудандық ауруханасына алып келді. Онда әйелге бірден операция жасалды (кесарь тілігі)", - деді Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі.

Қыз бала дүниеге келді. Босанған әйелдің күйеуі әйелі мен қызының жағдайы жақсы айтты. Ол көлік полициясы қызметкерлеріне алғысын білдірді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети