"Прайм Плаза" сауда және ойын-сауық орталығына жарылғыш заттың қойылғаны туралы жалған хабарлама берген адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбекке сілтеме жасап.

Қоңыраудан кейін сауда және ойын-сауық орталығынан келушілер мен қызметкерлер эвакуацияланды. Күдікті Жамбыл облысының 28 жастағы тумасы болып шықты. ІІД мәліметінше, ер адам осыған дейін ұрлық жасағаны үшін жауапқа тартылған. Ол кінәсін ойындады. Енді ол ҚР ҚК 273-бабы "Террорлық акт туралы жалған хабар беру" бойынша 6 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Айта кетейік, ІІД мәліметінше, 21 тамызда тағы бір адам Алматыдағы автокөлік жөндейтін орындардың біріне жарылғыш заттың қойылғаны туралы хабарлаған. Телефон терроризміне барды деген күдікпен ер адам ұсталды. Оның мас болғаны анықталды. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, ер адам зорлық-зомбылық жасағаны үшін бұған дейін де сотты болған.