Прокуратура Ақтауда өртенген SCAT ұшағында шыққан өртті тергеуді бастады

17 Маусым 2015, 11:17
0
Прокуратура Ақтауда өртенген SCAT ұшағында шыққан өртті тергеуді бастады -

Маңғыстау облысы көлік прокуратурасы SCAT әуе компаниясының өртенген ұшағына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Еске сала кетейік, оқиға 16 маусымда кешкі уақытта Ақтау әуежайында болды.

Тергеу амалдары "Қозғалыс қауіпсіздігі мен әуе транспорты ережесін бұзу" бабы бойынша жүргізіліп жатыр. Өрттің нақты шығу себебі анықталып жатыр. Айта кетейік, Азаматтық авиация комитеті болған оқиғаның жай-жапсарын анықтау мақсатында арнайы комиссия құрды.

Еске сала кетейік, 16 маусымда Ақтау әуежайында SCAT әуе компаниясының ұшағында өрт шыққан болатын. SCAT әуе компаниясының баспасөз қызметінің жетекшісі Виктория Ульянова былай деп хабарлады: "Астана - Ақтау" DV742 рейсін жүзеге асыру үшін ұшақ уақытында ұшып кетіп, Ақтау әуежайына қонған. Жолаушыларды түсіру мен жүкті шығару штатты режимде жүргізілді, бұдан кейін ұшақты техникалық жөндеу жұмыстары жүргізілді. Техникалық жұмыс кезінде өздігінен өрт шықты, болған оқиғаның себебі анықталып жатыр".


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай