27 сәуір 2017 | 12:24

Прокуратура итбалықтардың жаппай қырылуына қатысты тергеу жүргізіп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы © Мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы

Маңғыстау облысында 25 сәуірде Каспий теңізінің жағалауынан 243 өлі итбалықтың денесі табылды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасына сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

Маңғыстау облысында 25 сәуірде Каспий теңізінің жағалауынан 243 өлі итбалықтың денесі табылды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасына сілтеме жасап. 

Жануарлардың өлі денесі 16:00 шамасында уәкілетті және құқық қорғау органдарымен "Бекіре-2017" атты рейдтік шарасын жүргізу барысында Түпқараған ауданына қарасты Баутин ауылының маңайында табылған.

 

"Бұл дерек бойынша Маңғыстау облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасының бастамасымен Маңғыстау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық Инспекциясының, Маңғыстау облыстық экология Департаментінің, Экологиялық зерттеу лабораториясының, Түпқараған аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің және ветеринариялық станциясының, сондай-ақ, «Казгидромет» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының қызметкерлерінен тұратын комиссия құрылды", - дейді прокуратура өкілдері.

Құрылған комиссия мүшелері және Түпқараған аудандық ІІБ-нің жедел-тергеу тобы қарау жұмыстарын жүргізіп, экология мамандары Каспий теңізінен сынама және лабораториялық сараптама жүргізу үшін өлген итбалықтардың төртеуін алып кетті. Жалпы жағалаудан 243 өлі ит балық табылған. Қазір оларды Түпқараған аудандық Каспий коммуналдық қызметінің полигонына алып кетіп, өртеп жатыр. 

Сонымен қатар, өлген итбалықтарды зерттеу үшін Алматы қаласындағы "Микробиологиялық және вирусологиялық Институты" Республикалық мемлекеттік кәсіпорынның мамандары шақыртылған.

Прокуратура өкілдерінің мәліметі бойынша, аталған дерек 26 сәуір 2017 жылы Түпқараған аудандық ІІБ-мен сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне №174752031000091 санды Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 338-бабымен тіркеліп (жануарлар дүниесiн қорғау қағидаларын бұзу), тергеу амалдары жүргізілуде.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети