Прокуратура қызметкері мен тергеушіні атқан адам 620 миллион теңге жымқырды деп айыпталған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Прокуратура қызметкері мен тергеушіні атқан адам 620 миллион теңге жымқырды деп айыпталған

Ақмола облыстық прокуратурасының өкілдері Целиноград аудандық ішкі істер бөлімінің және прокуратура қызметкеріне жасалған шабуыл дерегі бойынша жаңа деректерді жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақмола облыстық прокуратурасының өкілдері Целиноград аудандық ішкі істер бөлімінің және прокуратура қызметкеріне жасалған шабуыл дерегі бойынша жаңа деректерді жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Еске салайық, 2017 жылдың 20 шілдесінде Ақмола облысы Целиноград аудандық прокуратурасының ғимаратының алдында құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне қарулы шабуыл жасалған болатын. Облыс прокуратурасының сайтында жария болған мәлімет бойынша, прокуратура қызметкері Ж.Әлибаев пен Целиноград аудандық ішкі істер бөлімінің тергеушісі А.Пішембаев оқ жарақатын алған. Олар ауруханаға жеткізілген. 

Ал шабуыл жасаған адам қылмыстық істе күдікті О.А.Жампозов екені анықталды. 

"Іс материалдары бойынша О.А.Жампозов ҚР Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің "Қазсушар" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнында РМК бас директоры бола тұра, топ болып, өзге де лауазымды тұлғалармен және мердігерлермен алдын ала келісім бойынша Преображенское су торабының реконструкциясына бөлінген жалпы сомасы 620 миллион теңге сеніп тапсырылған қаражатты жаратқан. Жампозовқа қатысты кепілмен босату түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалған", - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында. 

Шабуыл жасалған прокуратура қызметкерінің осы іс бойынша мемлекеттік айыптауды жүргізгені айтылады. Іс бойынша сот тыңдауы ашық өткен. Сондай-ақ, прокуратура өкілдері 18 шілдеде соттағы қатар тыңдау барысында мемлекеттік айыптаушының Жампозовты айыпты деп танып, оған жазаны ҚР "Рақымшылық" туралы заңын қолдану арқылы 5 жылға бас бостандығынан айыру ретінде тағайындауды сұрағанын айтып берді. Үкім 20 шілдеде сағат 16:00-де оқылуы тиіс болыпты. Шабуыл үкім қарсаңында жасалған. 

"Шабуыл жасағаннан кейін Жампозов қылмыс орнынан жасырынған. Кейін оның көлігі АЛЖИР репрессия құрбандарын еске алу мемориалдық кешенінің территориясынан табылды. Сол жерде Жампозовтың оқ жарақаты бар мәйіті табылды. Алдын ала нұсқа бойынша, ол суицид жасаған", - делінген хабарламада. Сонымен қатар, бұл істі бақылау Астана прокуратурасы тапсырылғаны айтылады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети