Психиатрлық ауруханадан қашып кеткен науқас бұрын ҚР ҰҚК Шекара қызметінде қызмет еткен

ПОДЕЛИТЬСЯ

Психиатрлық ауруханадан қашып кеткен науқас бұрын ҚР ҰҚК Шекара қызметінде қызмет еткен Қанат Қожамбетов. © Алматы қаласы ІІД-нің баспасөз қызметі

Алматы қаласының Психиатрлық ауытқулар орталығынан қашқан науқас бұрын ҚР ҰҚК Шекара қызметінде қызмет еткен. Бұл мәліметті ведомство Tengrinews.kz тілшісінің ресми сауалына берген жауабында мәлімдеді. Қанат Қожамбетов екі жыл қызмет еткен.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы қаласының Психиатрлық ауытқулар орталығынан қашқан науқас бұрын ҚР ҰҚК Шекара қызметінде қызмет еткен. Бұл мәліметті ведомство Tengrinews.kz тілшісінің ресми сауалына берген жауабында мәлімдеді. Қанат Қожамбетов екі жыл қызмет еткен.

"Қожамбетов Қанат Жанатұлы ҚР ҰҚК Шекара қызметінде 2011 жылдың 2 қыркүйегінен 2013 жылдың 11 қыркүйегіне дейін Қостанай облысы 14-ші шекара жасағының "Қайрақ" бақылау бөлімшесінде бақылаушы қызметінде болған. 2013 жылдың 29 тамызында бөлім командирінің бұйрығымен мемлекеттік органдарға мемлекеттік қызметке ауысуына байланысты қызметтен өз еркімен босатылған", - делінген Ұлттық қауіпсіздік комитетінің жауабында.

Еске салайық, Қожамбетов Қанат Жанатұлы 10 тамызда шамамен сағат 19.00-де қашып кеткен. Алматы қаласының Психикалық ауытқулар орталығынан директоры Қуаныш Алтынбековтың айтуынша 34 жастағы емделуші ауруханада өз еркімен емделген. Ол 1982 жылы туған, созылмалы шизофрения ауруымен ауырады. 2016 жылдың 12 тамызында сағат 02.30-да Алматы ІІД-нің өкілдері Психикалық ауытқулар орталығынан қашып кеткен Алматы қаласының азаматы Қожамбетов Қанат Жанатұлы ұсталды. Ер адам Медеу ауданында ұсталған.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Сағынтаевты қабылдады
Алматыда ірі жол апаты болды
Алматыда қоймадан өрт шықты

Валюта бағамы

 514.89  course up  600.31  course up  6.73  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети