09 қараша 2021 | 14:36

"Пульсі жоқ". Атырауда қайтыс болған баланың әкесі жедел жәрдем дәрігерлерін айыптады

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Әлихан Сариев Фото: Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

Атырауда токқа түсіп қаза болған 10 жастағы баланың өліміне қатысты оқиғаның мән-жайы белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Ақ Жайық" басылымына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Атырауда токқа түсіп қаза болған 10 жастағы баланың өліміне қатысты оқиғаның мән-жайы белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Ақ Жайық" басылымына сілтеме жасап.

Атырау тұрғыны Сергей Писарев 30 қазанда Бесікті ауылына жұмысқа кеткенін, ал әйелі үшінші баласын босанып, ауруханада жатқанын айтты. 10 жастағы ұлы Наиль әжесімен үйде қалған. Ол жасырынбақ ойнап жүріп, тоңазытқыштың артына тығылғанда токқа түсіп қалған. Ер адамның айтуынша, әжесі дереу жедел жәрдем шақырып, олар балаға жасанды тыныс беруге кіріскен, кейін бала тыныс ала бастаған.

"Үйімізде не болып жатқанын көршілер көрді. Жедел жәрдем тез келді, дәрігерлер баланы әжесінің қолынан алып, көлікке қарай жүгірді. Бірақ массаж жасалмаған, оттегі де берілмеген. Баламды алып кетті. Алып кетті, бірақ кейін олар өлі күйінде қайтарды", - деді марқұмның әкесі.

Писаревтің айтуынша, жедел жәрдем қызметкерлері полиция шақырған, кейін олар баланы мәйітханаға жеткізген.

"Мен сараптама жүргізуге қарсы болдым. Олар "бала біз келгенше қайтыс болды" деп өтірік айтты. Неге олай істеп отыр? Қызметкерлердің біліксіздігін жасыру үшін істегеніне сенімдімін. Жауап беруін талап етемін. Өйткені олар бәрін дұрыс жасаса, балам аман қалуы мүмкін еді", - деді Сергей Писарев.

Ер адам полиция бөліміне арыз жазғанын және жедел жәрдем қызметкерлері заң бойынша жазаланғанын қалайтынын айтты.

"Мой город" басылымы әженің сөзін келтірген, ол ауруханаға барар жолда балаға екпе жасалғанын айтқан.

"Мен бірге барғанмын. Біраз уақыттан кейін олар немеремнің дәріге аллергиясы бар ма деп сұрады. Кейін көлікті тоқтатты, ауруханаға жақындап қалған едік. Сосын: "Оны үйіне қайтарамыз, пульсі жоқ" деді дәрігерлер", - дейді марқұм баланың әжесі.

Балаға екпе салғаны сараптама жасағанда анықталмаған.

Айта кетейік, оқиға 30 қазанда болған. Атырау облысының Полиция департаментінің алдын ала мәліметі бойынша, 2011 жылы туған бала тоңазытқыштың артына жасырынамын деп, токқа түсіп қайтыс болған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети