Қапшағай тасжолында болған ірі жол апатынан екі адам зардап шекті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қапшағай тасжолында болған ірі жол апатынан екі адам зардап шекті Видеодан алынған кадр

Қапшағай тасжолында болған ірі жол апатынан екі адам зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облыстық ІІД сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қапшағай тасжолында болған ірі жол апатынан екі адам зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облыстық ІІД сілтеме жасап.

Ірі жол апатында ер адам мен әйел адамның жарақат алғаны айтылады. Оларға қажетті медициналық көмек көрсетілді. "Жол апаты сағат 06.45-те Іле ауданында "Алматы-Өскемен" республикалық автожолының 18-ші шақырымында болған. Онда Volkswagen Transporter мен Subaru көлігі, үш Toyota маркалы көлік пен тағы бір көлік соқтығысқан. Оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, жол апаты жүргізушілердің арақашықтықты сақтамай, жылдамдықтарын асырғандықтан болған", - деді облыстық полиция қызметіндегілер.

Айта кетейік, жол-көлік оқиғасы болған жерден бір автокөлік жасырынып кеткен болатын. Жол-патрульдік полиция қызметкерлері ол көлікті іздестіру жұмыстарын жалғастырып жатыр.

Еске сала кетейік, бүгін куәгерлер Қапшағай тасжолында болған ірі жол апатының видеосын жолдаған болатын. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети