Қапшағайда балалар мектеп маңында көмілген нәресте тауып алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қапшағайда балалар мектеп маңында көмілген нәресте тауып алды © egsaude.com.br

Қапшағайда балалар мектеп маңында көмілген жаңа туған нәрестені тауып алды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметіндегілер хабарлады.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қапшағайда балалар мектеп маңында көмілген жаңа туған нәрестені тауып алды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметіндегілер хабарлады.

"Нәресте бүгін 1-ші ықшамаудандағы №2 мектеп-гимназиясының стадионында табылды. Оны көміп тастаған. Нәресте жастыққапқа ораулы болды. Оны балалар тауып алып, ата-аналарына айтқан. Кейіннен олар полицейлерді шақырған", - деді ІІД баспасөз қызметіндегілер.

Полициядағылардың айтуынша, қазіргі уақытта сотқа дейінгі сараптама тағайындалды. "Сараптаманың нәтижесінен кейін барлығы белгілі болады. Қазір оның ұл бала екені ғана белгілі. Денесінде зорлық белгілері табылмады", - деді облыстық ІІД өкілдері.

Осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 99-бабы 2-бөлігі бойынша сот алды өндіріс басталды. Анасының кім екенін анықтау мақсатында жұмыстар жүргізіліп жатыр. "Полиция қызметкерлері перзентханада босанған және жүктілік бойынша есепте тұрған барлық ананың тізімін алды. Қажетті шараларды жүргізіп жатыр", - деп қорытындылады ІІД өкілдері.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Алматыда қоймадан өрт шықты

Валюта бағамы

 509.21  course up  592.35  course up  6.64  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети