Қарағанды облысында 15 адам уланған дөнер сататын орын жабылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағанды облысында 15 адам уланған дөнер сататын орын жабылды © pixabay.com

Қарағандыда 15 адам дөнермен уланған соң жүргізілген жоспардан тыс тексерістің қорытындысы белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағандыда 15 адам дөнермен уланған соң жүргізілген жоспардан тыс тексерістің қорытындысы белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Зертханалық тексерулердің нәтижесі бойынша бес адамда ішек инфекциясы диагнозы расталмады. Екі адамда сальмонеллез, сегіз адамда жіті ішек инфекциясы анықталды. Дөнер сататын орында жүргізілген жоспардан тыс тексеріс барысында мекеменің ыстық сумен қамтылмағаны, дезинфекциялық құралдардың болмағаны, шикізат пен дайын өнімдерді сақтау ережелерінің сақталмағаны анықталды", - деп хабарлады облыстық Қоғамдық денсаулық сақтау департаментіндегілер.

Бұдан бөлек, мамандар дөнердегі тауарларда сапаны растайтын құжаттардың болмағаны белгілі болды. Ал дәмхананың қызметкерінде медициналық кітапша болмаған. Сондықтан ол жұмысынан босатылды.

Осы жағдайдан кейін дөнер сататын орын уақытша жабылды. Ал 1 қарашада Абай ауданының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасындағылар Қарағанды облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотқа осы мекеменің қызметін тоқтату туралы талап арыз жолдады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети