Қарағанды облысында 15 жастағы қыз бесінші қабаттан құлады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағанды облысында 15 жастағы қыз бесінші қабаттан құлады © opennov.ru

Қарағанды облысындағы Абай қаласында 15 жастағы қыз бесінші қабаттан құлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағанды облысындағы Абай қаласында 15 жастағы қыз бесінші қабаттан құлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Өз-өзіне қол жұмсау дерегі 30 қазанда болған. Жасөспірім қазіргі уақытта Мақажанов атындағы клиникада жатыр. 

"2002 жылғы қыздың миы зақымданған, жамбасы сынған, бірақ жағдайы тұрақты және қазіргі уақытта жалпы палатада жатыр. Барлық қажетті емдеу шарасы жасалып жатыр. Онымен психологтар жұмыс істеп жатыр", - деді Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің басшысы Айжан Иса. 

"Осы дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеу шаралары ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы 1-бөлігі ("Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу") бойынша бірыңғай реестрге тіркелді. Оқиғаның мән-жайы анықталды", - деді Қарағанды облыстық ІІД баспасөз қызметінің басшысы Бақытжан Құдияров. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети