Қарағанды облысында 5 полицей жол апатына ұшырады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағанды облысында 5 полицей жол апатына ұшырады © vyazniki.ru

Қарағанды облысында болған жол-көлік оқиғасынан бес полицей зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жол-көлік оқиғасының дерегі бойынша соталды тергеу жүріп жатыр.

Бес полицей ұшыраған апаттың Сәтбаев пен Жезқазған қалаларының арасындағы жолда 15 тамызда болғаны хабарланып отыр. Оқиғаның алдын ала себебі деп алдыңғы оң жақ дөңгелегінің жарылуы аталып отыр. Салдарынан "ВАЗ-21214" арнайы машинасы аударылып кетті. "Автомашина салонында бес полицей болды, барлығы қызметте жүрген. Зардап шеккендерге медициналық жәрдем көрсетілді", - деп хабарлады баспасөз қызметінің өкілдері.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети