Қарағанды облысында 740 адам қар құрсауынан құтқарылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағанды облысында 740 адам қар құрсауынан құтқарылды © Қарағанды облыстық ТЖД

Қарағанды облысында тас жолда қалған 740 адамды үйлеріне қайтару жұмыстары ұйымдастырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағанды облысында тас жолда қалған 740 адамды үйлеріне қайтару жұмыстары ұйымдастырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, қолайсыз ауа райына байланысты облыста қалааралық автомобиль мен теміржолдарда қозғалысқа шектеу қойылды. "Әлеуметтік наразылыққа жол бермеу мақсатында жергілікті атқарушы органдар мен "Қазақстан темір жолы" ҰК АҚ-мен бірге тас жолда қалып қойған тұрғындарды (басым бөлігі Қазақстанның оңтүстігінде тұратындар) эвакуациялау бойынша жұмыстар ұйымдастырылды", - деді департаменттегілер.

Айта кетейік, 29 желтоқсанда оларды үйлеріне теміржол көлігі арқылы Қарағандыдан Алматы бағытына жөнелту туралы шешім қабылданды. Нәтижесінде күннің екінші жартысында азаматтар тас жолдан автобуспен Қарағандының вокзалына жеткізілді.

"Бірінші партиямен шамамен 300 адам сағат 17.00-де қосымша вагондар жалғау арқылы "Қарағанды-Шымкент" бағытында жол тартты", - деді олар. - 140 адам сағат 18.12-де №52 пойызбен "Қарағанды-Алматы" бағыты бойынша Шу бекетіне кетті. Қалған 300 адам №4 "Астана-Алматы-1" және №45 "Павлодар-Алматы-2" пойыздарымен сағат 21.10-да жолға шықты". 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети