Қарағанды облысында адасып кеткен жүргізуші төрт күн бойы көлігінде түнеген

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағанды облысында адасып кеткен жүргізуші төрт күн бойы көлігінде түнеген © Қарағанды облыстық ТЖД

Қарағанды облысында адасып кеткен жүргізуші төрт күн бойы көлігінде түнеген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ТЖД өкілдеріне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағанды облысында адасып кеткен жүргізуші төрт күн бойы көлігінде түнеген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ТЖД өкілдеріне сілтеме жасап. 

Дауылды алдын ала ескерту мен смс-хабарламаға қарамастан үш ер адам Nissan автокөлігімен Қарағанды облысына жоғалған малын іздеуге шығып кеткен. Олардың Павлодар облысының тұрғындары екені айтылады. Ауа райы күрт бұзылып, олар қардан шыға алмай қалған. Осыдан кейін олар елді мекенге жаяу жетуді ойлап, жолға шығады. 5 шақырым жүргеннен кейін олардың бірі, 1959 жылғы ер адам денсаулығына байланысты жүре алмай қалған. Қалған екеуі 30 шақырым жаяу жүріп, Едірей ауылына жетіп, ауылдықтардың көмегімен артқа оралады. Алайда ауа райы нашарлап, іздестіру шараларын өздері жүргізе алмаған. 

Осыдан кейін олар жалғыз қалған ер кісінің көлікте қалғанын айтып, ТЖД-ға хабарлаған. Іздестіру шараларына жеке құрамның 10 адамы мен 4 дана техника тартылады. Жолдың нашар көрінуіне байланысты іздеу қиынға соғады. 16 қарашада Қарағанды қаласынан іздестіру шараларына облыстық ТЖ-дан үш адам шығады. Ал 17 қарашада сағат 10-нан кете Айрық ауылының 40 шақырым жерде денесі суықтап, аяқ-қолы үсіп қалған ер адам табылады. 

Зардап шеккен адамға алғашқы медициналық жәрдем көрсетілген. Кейін ол Ақтасты ауылына жеткізіліп, аудан орталығынан келген дәрігерлердің қарауына беріліпті. 

Осыған байланысты Қарағанды облыстық төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға сақ болуды және қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрап отыр.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети