Қарағанды облысында аударылған автобустың 20 жолаушысы балаларымен көмек күтіп отыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағанды облысында аударылған автобустың 20 жолаушысы балаларымен көмек күтіп отыр иллюстрациялық сурет

Қаражал қаласынан Қарағандыға шыққан автобус Шет ауданының Қарамұрын ауылына жетпей аударылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі жолаушыларға сілтеме жасап. Алдын ала мәліметтер бойынша, жүргізуші тізгінге ие бола алмай, жол шетіне шығып кетіп, аударылған. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қаражал қаласынан Қарағандыға шыққан автобус Шет ауданының Қарамұрын ауылына жетпей аударылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі жолаушыларға сілтеме жасап. Алдын ала мәліметтер бойынша, жүргізуші тізгінге ие бола алмай, жол шетіне шығып кетіп, аударылған. 

Автобустың салонында 20-ға жуық жолаушы болған, соның ішінде бесеуі бала. Бақытына орай, жолаушылардың ешқайсысы зардап шекпеген. "Дүрлігу жоқ. Жолаушылар әзірше ештеңе қолданған жоқ! Егер терезелерді сындыратын болсақ, үсіп қаламыз. Сол себепті көмек күтеміз! Жол-көлік оқиғасы боранның әсеріне және көру мүмкіндігі өте нашар болғандықтан, осындай жағдайға душар болдық", - деді жолаушылардың бірі. 

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мамандары өздерінің арнайы техникалары мен құтқарушылардың оқиға орнына әлі шықпағанын айтты. Алайда жол апаты туралы мәлімет расталды. ІІД-нің баспасөз қызметінің мамандары осы оқиға бойынша кейінірек хабардар ететінін мәлімдеді. 

Еске салайық, осыған дейін Қарағанды облысындағы Дубовка ауылының маңында бірден алты көлік соқтығысқан еді. Көліктердің жаппай соқтығысуына жолдың нашар көрінуі себеп болған. Бірнеше көлік жол шетіне шығып кеткен. Куәгерлердің сөзінше, зардап шеккендер жоқ. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети