Қарағанды облысында балалар мінген автобусқа шабуыл жасалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағанды облысында балалар мінген автобусқа шабуыл жасалды Фото u-f.ru сайтынан алынды

Қарағанды облысында бір топ ер адам Балалар мен жасөспірімдер олимпиадалық резерв мектебінің (БЖОРМ) үш жаттықтырушысын оқушылардың көзінше ұрып-соғып, жарақаттағыш пистолетпен қорқытып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағанды облысында бір топ ер адам Балалар мен жасөспірімдер олимпиадалық резерв мектебінің (БЖОРМ) үш жаттықтырушысын оқушылардың көзінше ұрып-соғып, жарақаттағыш пистолетпен қорқытып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

26 қыркүйек күні таңертең Қарағанды-Саран тас жолында 25-30 жас аралығындағы бес ер адам Mercedes Benz автокөлігімен аталмыш мектептің жүргізушісі басқарып келе жатқан ТАРЗ автобусын және 25 жастағы жаттықтырушы жүргізіп келе жатқан  ВАЗ-21043 автокөлігін мәжбүрлі түрде тоқтатқан. 

"Олар ВАЗ-дың ішінде отырған үш жаттықтырушыны көліктен шығарып алып, сабап, жарақаттағыш пистолетпен қорқытқан. Содан кейін олар бой тасалап қашып кеткен. Автобуста отырған 10 мен 17 жас аралығындағы 15 бала осы шабуылдың куәгері болды", - деп хабарлайды Қарағанды облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі.  

Жәбірленген жаттықтырушылар тап сол жерде шабуыл жасалғаны туралы облыстық ІІД Жедел басқару орталығының кезекші бөліміне хабарласқан. Қарағанды ІІБ Жол-патрульдік полициясы полкының қызметкерлері "Ұстау" жоспарын құрып, қала көшелерінің бірінде кетіп бара жатқан Mercedes Benz көлігін тоқтатқан. Осылайша олардың бесеуі де қолға түсіп, жарақаттағыш пистолет тәркіленді. Енді олардың үстінен "Қару қолдану арқылы бұзақылық жасады" деген бап бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети