Қарағанды облысында болған жол апатынан академиялық оркестрдің әртісі қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағанды облысында болған жол апатынан академиялық оркестрдің әртісі қаза тапты © Tengrinews.kz

Қарағанды облысында болған жол апатынан Байжанов атындағы академиялық оркестрдің әртісі қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағанды облысында болған жол апатынан Байжанов атындағы академиялық оркестрдің әртісі қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жол апаты 20 қараша күні Қарағанды-Қарқаралы тас жолында, Ботақара ауылынан екі шақырым қашықтықта болды. Музыканттар мінген Volkswagen Golf автомобилі қарсы бағытқа шығып кетіп, Volkswagen Passat көлігімен соқтығысқан.

Оқиғаның салдарынан Golf жүргізушісі, музыкант Әлібек Сәрсембеков және жолаушы, яғни оркестр мүшесі ауруханаға жеткізілді. Үшінші жолаушы әртіс Арман Қадырбек алған жарақаттарынан қаза тапты. Сонымен қатар, Volkswagen Passat жүргізушісі мен оның 67 жастағы туысы ауруханаға жеткізілді. Қарағанды облысы ІІД мәліметінше, осы дерекке сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети