Қарағанды облысында қоқыстан аузы әжетхана қағазымен оралған нәресте табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағанды облысында қоқыстан аузы әжетхана қағазымен оралған нәресте табылды © Людмила Экзархова

Қарағанды облысында қоқыстан аузы әжетхана қағазымен оралған нәресте табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілдеріне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағанды облысында қоқыстан аузы әжетхана қағазымен оралған нәресте табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілдеріне сілтеме жасап.

Нәрестенің табылғаны жайлы бірінші ақпаратты қолданушы Людмила Экзархова Facebook әлеуметтік желісінде жария етті.

"Өтіп бара жатып, естіп қалдық, мысықтың даусына ұқсады, айналаны іздей бастадық, бір әйел қоқыс жәшігіне түссе қап қозғалып жатыр екен, оны ашқанда нәрестенің беті көрінді, аузы әжетхана қағазымен жабылыпты, оны алып тастап еді, қатты жылай бастады, киімін шешіп, орағаннан кейін алып кетті", - деп жазды Людмила Экзархова


© Людмила Экзархова

Облыстық ІІД өкілдері бұл деректі растады, оның анасы іздестіріліп жатыр екен.

"Нәрестенің Кеңгір ауылындағы қоқыс контейнерінен табылуы дерегі бойынша, іс ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестрде тіркелді. Оның анасын анықтауға және ұстауға барлық шара жүргізіліп жатыр, тергеу жүріп жатыр", - деді Қарағанды облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілдері.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети