Қарағанды облысында шахтада жарылыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағанды облысында шахтада жарылыс болды ©РИА Новости

Қарағанды облысының Сәтпаев қаласында шахтада жарылыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оқиға салдарынан бір шахтер қайтыс болды, тағы бір жұмысшы жарақат алды.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағанды облысының Сәтпаев қаласында шахтада жарылыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оқиға салдарынан бір шахтер қайтыс болды, тағы бір жұмысшы жарақат алды.

Жарылыс 4 қараша күні таңсәріде "Қазақмыс" корпорациясы" ЖШС Оңтүстік Жезқазған кенішіндегі шахтаның 140 метр тереңдігінде болды. "Бізге төтенше оқиғаның жай-жапсары белгісіз. Комиссия жұмыс істеп жатыр. Шахтада өндірістік жарылыс жасауға қажетті жарылғыш заттарды орналастыру жөніндегі жұмыстар жүргізілгені белгілі", - деп хабарлады шахтаның әкімшілік корпусының өкілдері телефон арқылы.

Еске сала кетейік, мұның алдында Сәтпаевтағы шахтада "Жезқазғантүстімет" өндірістік бірлестігінің "Степной" кеніші басшыларының шалағайлығынан жарылыс болған еді. Оның салдарынан үш кенші қаза тауып, тағы бір адам жарақаттанды. "Кеніште жарылғыш заттардың болуы - аталған кәсіпорын басшылары тарапынан болған салақтық. Бұл есепке алынбаған жарылғыш зат деуге әлі ерте, тау-кен жұмыстары жарылғыш заттарды қолдануға негізделген, мүмкін, әлдекім қоймаға түсуге ерінген болар", - деп хабарлады Қарағанды облыстық ТЖД мамандары.

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети