Қарағанды облысында су тасқыны басталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағанды облысында су тасқыны басталды Мұрағаттан алынған сурет

Қарқаралы ауданындағы Ағадыр ауылын, Шет ауданын,  Нұркен және Ақшоқы ауылдарын қар суы басты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарқаралы ауданындағы Ағадыр ауылын, Шет ауданын,  Нұркен және Ақшоқы ауылдарын қар суы басты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видеодан су деңгейінің қатты көтерілмегенін көруге болады. Алайда ауылда арнайы резеңке етіктерсіз жүру мүмкін емес. Сондай-ақ, төтенше жағдайдың салдарынан көлік қозғалысы қиындаған.

Қарқаралы ауданын да қар суы басып жатыр. Ақшоқы мен Нұркен ауылдары су астында қалған, шаруашылық құрылыстарын да су басқан. Нұркен ауылы тұрғындарының айтуынша, су кейбір жерлерде үйдің ішіне дейін кіріп жатыр.

"30 наурызда елді мекендерді су басты. Былтырғыдан қарағанда екі есе көп су болды. Далада жүрген жылқыларымыз судың ортасында қалды", - дейді ауыл тұрғындары. Құтқарушылар да аулаларды су басқанын жасырып отырған жоқ. Төтенше жағдайлар қызметіндегілер тұрғындардан сабыр сақтауларын сұрайды.

"Облыста екі күн қатарынан жаңбыр жауды. Онымен қоса қар еріп жатыр. Әрине, су өздігінен ешқайда кетпейді. Ағадыр ауылында таңертең судың деңгейі 10 сантиметрге дейін жетті, қазір басылды. Облыста 54 бақылау пункті жұмыс істеп жатыр. Жағдайды бақылап отырмыз. 100 пайызға дайынбыз", - деді облыстық ТЖД баспасөз қызметіндегілер.

Сондай-ақ, ведомстводағылар зардап шеккендердің жоқ екенін айтып өтті.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети