Қарағанды облысында топан судан төрт адам қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағанды облысында топан судан төрт адам қайтыс болды Фото Tengrinews.kz мұрағатынан

Қарағанды облысындағы Көкпекті елді мекенінде бөгетті су жырып кетіп, соның салдарынан төрт адам қайтыс болды деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағанды облысындағы Көкпекті елді мекенінде бөгетті су жырып кетіп, соның салдарынан төрт адам қайтыс болды деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"31 наурызда сағат 01.30-да Көкпекті суқоймасында бөгетті су шайып кетіп, елді мекеннің 100 үйін биіктігі 1,5-1,8 метр болатын топан басып қалды. Сағат 02.45-тен бері елді мекенде су деңгейі қайта бастады", - делінген таратылған хабарламада.

Төтенше жағдайды залалсыздандыруға және су басқан ауылдан халықты көшіруге арнайы техника, құтқару қызметінен, апат медицинасы бөлімшелерінен, ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс полкінен 124 адам мен 15 техника жұмылдырылды. "Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде Көкпекті ауылының 125 тұрғыны құтқарылды. Құтқару жұмыстарының барысында төрт адамның денесі табылды. Көкпектідегі мектепте төтенше жағдайды залалсыздандыру жөніндегі штаб пен медпункт ашылды", - дейді департамент мамандары. Оқиға орнына Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко ұшып шықты.

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети