Қарағанды облысында УАЗ өзенге түсіп кеткеннен кейін үш адамның денесі табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағанды облысында УАЗ өзенге түсіп кеткеннен кейін үш адамның денесі табылды

Қарағанды облысында өзен суына батып кеткен үш адамның денесі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағанды облысында өзен суына батып кеткен үш адамның денесі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Облыстық ТЖД мәліметінше, барлық үш адам өзенге құлап бара жатқан УАЗ-дан өз бетінше шыға алмай, өлі табылды.

"Үш адам табылды. Өкінішке қарай, олардың барлығы қаза тапты. Қазір құқық қорғау органдарының қызметкерлері олардың кім екенін анықтап жатыр", - деді облыстық ТЖД баспасөз қызметіндегілер.

Өзенге құлап кеткен көліктің жергілікті білім бөліміне тиесілі екені анықталды. Бұл туралы облыс әкімі баспасөз қызметінің Tengrinews.kz тілшісі жолдаған сауалға берген жауабында айтылады.

"Бұл аумақта су екі тәулік бұрын таси бастаған, бұл туралы жергілікті тұрғындарға ескертілді. Қозғалыс тек айналмалы жолда болды. Қарқаралы аудандық әкімдіктің мәліметінше, ол жолда қозғалысқа тыйым салынғаны жайлы белгі болмаған. Көлікте 14 адам болған. Олардың неліктен жолға шыққаны белгісіз. Бұл жағдаймен құқық қорғау органдарының қызметкерлері айналысып жатыр", - деді Қарағанды облысы әкімінің баспасөз қызметіндегілер.

Облыстық ІІД өкілдері оқиға орнында қызметкерлері жұмыс істеп жатқанын айтты. Сондықтан кейінірек осы жағдайға қатысты толығырақ мәлімет беріледі.

Еске сала кетейік, осыған дейін Қарағанды облысында 14 адам отырған УАЗ-дың өзенге түсіп кеткені жайлы хабарланған болатын. Төтенше жағдай түнгі уақытта Қарқаралы ауданы Бесоба ауылының маңында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, УАЗ 220695-440 маркалы көліктің жүргізушісі өзен суының тасуына байланысты көлік тізгінін игере алмаған. Содан көлік қар суы ағып жатқан өзенге қарай құлап кеткен.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети