Қарағанды облысында жолаушылары бар автобус жыраға құлап кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағанды облысында жолаушылары бар автобус жыраға құлап кетті Иллюстрация © Қарағанды облыстық ІІД ЖПҚ

Қарағанды-Омбы бағытында жүретін рейстік автобус жолаушыларымен бірге жыраға құлап кетті. Жолаушылардан ешкім зардап шеккен жоқ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағанды-Омбы бағытында жүретін рейстік автобус жолаушыларымен бірге жыраға құлап кетті. Жолаушылардан ешкім зардап шеккен жоқ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жол-көлік оқиғасы 29 желтоқсан күні түнде "Қазақстан" ауылының маңында болған. Қарағанды-Омбы бағытында жүретін рейстік автобус жыраға құлап кетті. Салонда жолаушылар болған. Оқиға жөніндегі хабарлама Қарағанды облыстық ІІД жол-патрульдік полициясының батальонына жетті. Полицейлер бірден көмекке аттанды.

"Біз жеткенде автобус жырада жатты. Біз ДЭУ-45 арнайы техникасын тоқтаттық, тоңып қалған жолаушылар жылыну үшін өз көлігімізге отырғыздық, ал өзіміз автобусты қар құрсауынан шығарып алуға көмектестік", - деді жол-патрульдік полиция батальонының полицейі, полиция сержанты Ерік Жансерікұлы.

Автобусты қар құрсауынан шығаруға екі сағат кетті. Кейін автобустың істен шыққаны анықталды. Полицейлер автобус жолаушылары тоңып қалмау үшін бар жағдайды жасады. Сол үшін жол-жөнекей кетіп бара жатқан көліктерді тоқтатып, қиын жағдайда қалғандардың барлығын Майөзек ауылына жылыту бекетіне жеткізді. Сынып қалған автобус та сол жерге сүйреп апарылды. Жылыту бекетінде жөнделген автобус жолаушыларымен қайта жолға шықты.

Автобус жүргізушісі Қарағанды облыстық ІІД жергілікті полиция қызметінің басшылығына алғысын айтып, полицейлерді марапаттауды сұрады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети