Қарағанды облысындағы жолда 68 адам зардап шекті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағанды облысындағы жолда 68 адам зардап шекті © Tengrinews.kz

Қарағанды облысындағы жолда ауа райының бұзылуынан 68 адам зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірдегі Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің өкілдеріне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағанды облысындағы жолда ауа райының бұзылуынан 68 адам зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірдегі Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің өкілдеріне сілтеме жасап.

17 наурызда ауа райы Қарағанды облысының тұрғындарына қиыншылықтар туғызды. Желдің жылдамдығы секундына 25 метрге дейін жетті, мұзтайғақ тұрғындарды әбігерге салды. Облыстың барлық бөлігінде ескерту жарияланды. Жүргізушілерге алыс сапарға шықпау және жолда абай болу кеңес етілді. 

ТЖД-ның жасаған ескертуіне қарамастан, облыста қауырт жағдай туындап, апаттар көбейді. Салдарынан облыстық жарақат пунктіне бірден 68 адам түсті, олардың кейбірі жол-көлік оқиғасы болған жерден ауруханаға жеткізілді. 

"2016 жылдың 17 наурызында жарақат пунктіне 68 адам түрлі жарақатымен түсті. Олардың 15-і шұғыл жарақат пунктіне түсті. 14 науқас күндізгі стационарға ауыстырылды. Қалғандары амбулатор тәртібінде қаралады", - деп хабарлады Қарағанды облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айжан Иса.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети