Қарағанды орталығында әйел адам тайып құлап, қайтыс болды

© Видеодан алынған кадр

25 желто?санда к?ндізгі уа?ытта ?ара?андыны? орталы? к?шелеріні? бірінде ?йел адам ?айтыс болды. Ку?герлерді? айтуынша, ?йел адам тайып ??лап кетіп, орнынан т?ра алмай ?ал?ан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

25 желтоқсанда күндізгі уақытта Қарағандының орталық көшелерінің бірінде әйел адам қайтыс болды. Куәгерлердің айтуынша, әйел адам тайып құлап кетіп, орнынан тұра алмай қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қайтыс болған әйелдің денесінде зорлық белгілер жоқ. Ол жедел жәрдем келгенше қайтыс болған. Осы дерек бойынша сараптама тағайындалды, өлім себептері анықталып жатыр", - деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметіндегілер.

Куәгерлер осы жағдайға көктайғақ пен түні бойы жауған жаңбырдың себеп болғанын айтады.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, әлеуметтік желі қолданушылары жолдарды төсеуге үлгере алмай жатқан коммуналдық қызметтегілердің нашар жұмысына наразылық білдіріп отыр. Қарағандылықтардың айтуынша, бүгін жұмысқа дейін жету қиындық туғызған.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама