Қарағанды-Теміртау тасжолында болған апаттан 7 адам қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағанды-Теміртау тасжолында болған апаттан 7 адам қаза тапты

Қарағанды-Теміртау тас жолында болған апаттан қаза тапқандардың саны 7 адамға жетті, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағанды-Теміртау тас жолында болған апаттан қаза тапқандардың саны 7 адамға жетті, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

Телеарнаның мәліметінше, ауруханаға түскен 3 әйелдің біреуі жедел отадан соң көз жұмды. Тағы екі қыз ауыр халде. Қазір "Жол ережесін бұзу" бабымен сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

"Жол-көлік оқиғасы бойынша тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады", - деді Қарағанды облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Жаңатай Сембеков.

Екі көлікте отырған 9 адамның үшеуі ауыр халде блыстық Травматология және ортопедия орталығына түскен еді. Науқастардың бірі 38 жастағы әйел ауыр ми жарақатын алғандықтан отадан соң көп ұзамай көз жұмған. Дәрігерлер қалған екі қыздың өмірін құтқарып қалуға тырысып жатыр. 

"Травматология орталығына қосымша хирургтер мен нейрохирургтер әкелініп, жапа шеккендерге дереу ота жасалды. Алайда олардың жағдайы ауыр. Бас миы мен ішкі ағза жарақаттарын алған, көп қан кеткен. Сондықтан қазір өкпелері жасанды дем алып жатыр. Ес- түссіз комада деген сөз", - дейді облыстық Травмотология қызметі жағдаяты орталығының меңгерушісі Ерік Шонбаев.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети