Қарағанды түбінде ірі жол апаты болды: 5 адам оқиға орнында қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағанды түбінде ірі жол апаты болды: 5 адам оқиға орнында қаза тапты

Балқаш-Қарағанды автожолында болған жол-көлік оқиғасынан 5 адам қаза тапты. Қаза тапқандардың ішінде екі бала бар. Ақсу-Аюлы ауылына 50 шақырым қалған жерде Audi A80 мен Mercedes Sprinter көлігі соғысып қалған, -  деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алдын ала мәлімет бойынша, Audi A80 жүргізушісі көлік тізгініне ие бола алмай, қарсы жолаққа шығып кеткен. Осы дерек бойынша cотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр ("Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы").

"Осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, қажетті сараптамалар тағайындалды. Жол апатынан Audi A80 көлігіндегі үш жолаушы қаза тапты. Ал екінші жүргізуші мен ондағы жолаушы да ауруханаға жеткізілетін кезде көз жұмды", - деді облыстық ІІД баспасөз қызметіндегілер.

Сондай-ақ, полицейлер жүргізушілерге жолда жылдамдықты бақылау керектігін және абай болуды ескертті.

Куәгерлердің айтуынша, қаза тапқандардың ішінде екі сәби болған. Қаза тапқандардың барлығы - Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғындары.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети