Қарағандыда 18 жастағы қызды пойыз басып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағандыда 18 жастағы қызды пойыз басып кетті © grifoninfo.ru

Қарағандыда пойыз қағып мерт болған 18 жастағы қарағандылық қыздың өліміне қатысты іс қозғалыс қауіпсіздігін сақтамау дерегі бойынша жүргізілуі мүмкін. Бұл туралы Көліктегі ІІД-нің баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабаралйды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 344-бабының 2-тарауы бойынша СДТБТ-ға тіркелді. Тергеу жүргізіліп жатыр", - дейді ведомство өкілдері. 

Қайғылы оқиға Сарыбел - Анар өткелінде 16 мамырда болған. "ҚТЖ - Жүк тасымалы" АҚ-ның баспасөз қызметінің мәліметінше, аталған аумақта үйлер мен тұрғын жайлар жоқ. 

"16 мамырда 20:35-те Қарағанды-Сортировочная - Астана теміржолындағы Сарыбел - Анар өткелінде сағатына 103 шақырым жылдамдықпен келе жатқан пойызды машинист шұғыл тежеген. Бұл қыздың теміржол үстіне шығып кетуіне байланысты болды. Амал не, пойызды тоқтату мүмкін болмады", - делінген "ҚТЖ - Жүк тасымалы" АҚ хабарламасында. 

Бойжеткен білім алып жатқан гимназия әкімшілігінің мәліметінше, марқұм 18 жаста болған. Ол 11-сыныпта оқыған. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети