Қарағандыда балаларға сутек тотығымен клизма жасалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағандыда балаларға сутек тотығымен клизма жасалды © zdorovieinfo.ru

Қарағанды облыстық балалар клиникалық ауруханасында мейірбикелер қателесіп балаларға алты пайыздық сутек тотығымен клизма жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Екі сәби зардап шекті - екі жасар ұл бала мен бес жасар қыз бала.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағанды облыстық балалар клиникалық ауруханасында мейірбикелер қателесіп балаларға алты пайыздық сутек тотығымен клизма жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Екі сәби зардап шекті - екі жасар ұл бала мен бес жасар қыз бала.

Аурухананың бас дәрігері Арғын Бидайбаевтың айтуынша, оқиға 13 қыркүйек күні кешке болған. Балалар емханаға тексеруге барған. Оларға ішектерді тазалау тағайындалды. Клизманы жасаған мейірбикелер ерітінділерді шатастырып, қажетті сұйықтықтың орнына алты пайыздық сутек тотығын қолданыпты. Сонымен қатар, мейірбикелер балалардың айғайына да қарамаған. Клизмадан кейін олар балаларды үйлеріне жіберіпті. Бірнеше сағат өткеннен кейін оларды ауруханаға жатқызуға тура келді. Олардан көпіршік пен қанды нәжіс ағып, сәбилер жансақтау бөлімінен бірақ шықты.

Бас дәрігердің айтуынша, балалардың жағдайы қазір бір қалыпты. "Олар әлі ауруханада жатыр. Әзірше оларға эрозиялық колит деген диагноз қойылды. Біз оны күйік деп атамаймыз. Қажетті медициналық көмектің барлығы көрсетіліп жатыр. Бес-алты күнде терапиялық ем шараларын жүргіземіз. Содан кейін балаларға колоноскопия жасалып, ішектің шырышты қабығының жағдайы анықталады. Жұмысына немқұрайлы қараған мейірбикелерді жұмыстан шығардық. Ата-аналар тарапынан сотқа арыздану жөнінде ештеңе естіген жоқпыз", - деді Бидайбаев.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети